"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНДА ЛАТВИЯ КӨЛІК МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2023 жылғы 03 қазанда "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында Латвия Көлік министрінің орынбасары Улдис Фрейманиспен кездесу өтті.

Кездесу барысында "Ақтау теңіз порты" АЭА " АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Қабашев арнайы экономикалық аймақтардың қызметін реттейтін ҚР заңнамасының нормаларымен, АЭА аумағында жобаларды іске асырудың артықшылықтарымен, сондай-ақ АЭА қызметімен және одан әрі даму жоспарларымен таныстырды.

Өңірдің көлік-логистикалық әлеуетімен танысу барысында делегация АЭА

қатысушылары - Ақтау теңіз сауда порты, Ақтау теңіз солтүстік терминалы және Құрық порты қызметімен, Ақтау порты базасында контейнерлік хабты салу жоспарымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.


"Ақтау теңіз порты" АЭА " АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 125